2021 жылы 17 маусымда «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РМҚК негізінде «Отан -2021» әскери-спорттық және патриоттық лагері өтті.
Бұқаралық спорттық шараның мақсаты әскери қызметтің беделін арттыру, жастардың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту болды.
Іс-шараның қатысушылары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің, Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледждің, Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі, "Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі - өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат" кешені", Ж.Қизатов атындағы Жоғары ауылшаруашылық колледжі, Б.Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі, Тайынша агробизнес колледжі, Петропавл қаласының машина жасау колледжі , құрамында 4 адам (2 жігіт / 2 қыз).
Командалар саптық дайындық бойынша жарысып, Калашников автоматын құрастыру және бөлшектеу, пневматикалық мылтық ату, белтемірде тартылу, денесін тік ұстап жерден көтеру, жүгіру және кроссфит бойынша сынға түсті. Қатысушылар кедергілерден өтіп, «Газ» командасын орындады, өз елдерінің тарихын білу бойынша тапсырмаларды орындады, «Біздің есімізде және біз мақтанамыз» шығармашылық байқауына қатысты.
Cайыс қорытындысы бойынша Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледждің командасы - 1 орын, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің командасы - 2 орын, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің командасы – 3 орынға ие болды. Жүлдегер командалар кубоктармен, дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.
Спорттық-бұқаралық іс-шараның жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуде, салауатты өмір салтын насихаттауда маңызы зор болды.